Архимед заңы қалай ашылды?

• Архимед туралы аңызбен танысасың;
• судағы дененің суды ығыстыратынын білесің.

Архимед заңы қалай ашылды?

Эврика!

(Атақты грек математигі, физигі әрі астрономы Архимед туралы аңыз)
Сиракуз деген ежелгі қалада Гиерон есімді патша тұрыпты. Ол әлемдегі ең керемет алтын тәж киюді армандапты. Бірде ол зергерді шақыртып алып, 10 фунт алтыннан тәж жасауды тапсырыпты. Зергер оның айтқанын орындайды. Алайда патша тәждің таза алтыннан жасалғанына күмәнданады. Ол дереу Архимедке тәждің құрамында күміс қоспасы бар- жоқтығын тексеруді тапсырады. Архимед қанша ойланса да, мұның шешімін таппайды. Бір күні Архимед ваннаға түспек болып, оны ернеуіне дейін толтырады. Ол суға отырған кезде судың біразы сыртқа асып төгіледі. Бұл жағдай оны мазалап жүрген сұрақтың шешімін тауып береді. Архимед қуанғаннан «Эврика!», «Эврика!» («Таптым!») деп айғай салыпты.

 

1 / 3

Архимед ашқан жаңалық

Ваннадағы су неліктен ернеуінен асып төгілді?

2 / 3

Зертте

Зерттеу жұмысының соңында оқушылар мынадай
қорытындыға келуі тиіс:

Ернеуіне дейін толтырылған ваннаға Архимед отырған кезде ваннадан Архимедтің суға батқан денесінің көлеміндей су ығысып, асып төгілді.

3 / 3

Ақылды қарға

Қарға Архимед заңын қалай «қолданып» жатыр?

Ойлан

Хауызға тас тастаса, оның суының деңгейі өзгере ме?
Егер хауызға (бассейнге) тас тастасаң, су деңгейі көтерілмейді, әрине. Дегенмен бассейндегі су да ығысады. Хауызға тасталған тастың көлемі хауыздағы судың көлемінен аз болғандықтан көтерілген су деңгейі байқалмай да қалады.

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Архимедтің ашқан жаңалығын зерттеу үшін «Архимед шелегі» деген құрал қолданылады.