Ауа қалай қозғалады? • жылы ауаның қалай қозғалатынын білесің;• желдің қалай пайда болатынын түсінесің. Ауа қалай қозғалады? 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 1 / 9 Жедел жауап Ауа деген не? жердің атмосферасын құрайтын газ тәрізді зат жер бетінде болатын мөлдір зат 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 2 / 9 Ауаның құрамы жазылған жолды белгіле. азот, оттек, көмірқышқыл газ және басқа газдар оттек, көмірқышқыл газ және басқа газдар 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 3 / 9 Ауаның қасиеттері сипатталған нұсқаны белгіле. иіссіз, түссіз, дәмсіз, белгілі бір пішіні болмайды, сұйық, мөлдір, ағады, үш күйде кездеседі. иіссіз, түссіз, дәмсіз, белгілі бір пішіні болмайды, газ тәрізді, мөлдір, жылуды нашар өткізді, жануды қолдайды 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 4 / 9 Ауаны не үшін салқындатады? Суретті сызба бойынша сұрақтарға жауап бер. Суық ауа қандай бағытта қозғалады? Ол қандай түспен көрсетілген? жоғары, қызыл төмен, қызыл жоғары, көк төмен, көк 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 5 / 9 Жылы ауа қандай түспен берілген? қызыл көк 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 6 / 9 Салқындатқыш неліктен есіктің жоғарғы жағына, ал батарея терезенің астына орналастырылған? Себебі, жылы ауа жоғарыға қарай, ал салқын ауа төмен қарай қозғалады Себебі, жылы ауа төмен қарай, ал салқын ауа жоғарыға қарай қозғалады 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 7 / 9 Зертте Жылы ауа қалай қозғалады? Қажет заттар: қағаз, қайшы, жіп, қарындаш немесе пластик түтікше, жылытқыш құрал. Жылы ауаның жоғары қозғалатынын балалар қандай зерттеу нәтижесінен байқайды? Қағаздан қиылған спиральдің айнала қозғалуынан Қағаздан қиылған спиральдің төмен қарай созылуынан Жел қалай пайда болады? Күн энергиясы ауа қозғалысына әсер етеді. Инфографика мен мәтіннің көмегімен желдің пайда болуын түсіндір. Күндіз күн сәулесі түзу сызық бойымен таралып, алдымен жердің бетін қыздырады. Жер бетінің қызуы өзіне жақын ауаны жылытады. Жылынған ауа жоғары көтеріле бастайды. Ал бұл кезде су бетіндегі ауа әлі де салқын болады. Себебі құрлыққа қарағанда су баяу жылиды. Жоғары көтерілген жылы ауаның орнына су бетіндегі салқын ауа жылжиды. Осылай күндіз су бетінен құрлыққа қарай жел соғады. Түнде жер беті суға қарағанда тез салқындайды да, оның үстіндегі ауа тезірек суынады. Бұл кезде су бетіндегі ауа әлі де жылы, сондықтан ол жоғары көтеріледі. Ал оның орнын құрлық бетіндегі салқын ауа басады. Яғни түнде жел құрлықтан суға қарай соғады. Табиғатта ауаның қозғалысы осылай пайда болады. Оны жел деп атайды. Ойлан Сұраққа жауап бер. Жер бетінде жел соқпаса, қандай өзгерістер болуы мүмкін? Өз жауабыңды мәтіндегі ақпаратпен салыстыр. Күн жер бетін бірдей қыздырмайды, бір жерде ыстық болса, басқа бір жерде үнемі салқын болып тұрады. Жел жер бетіндегі температураның әртүрлі болуынан пайда болады. Жер бетіндегі ауа қозғалмаса, яғни жел соқпаса, бұлттар көшпейді, күн қатты ысып кетеді. Сонда кей жерде жауын-шашын болмай, шөлге айналады, ал екінші жерде үнемі жауын жауып, батпаққа айналады. Жел соқпаса, қалаларды түтін басады. Желдің соғуы ауаны тазартады. Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме? Бөлме қалай жылынады? 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 8 / 9 Сызбаларды зерделе. Қай бөлмеде жылы ауа төменнен жоғары көтеріледі. 1 бөлме 2 бөлме 1 жауапқа дейін таңдауға болады. 9 / 9 Бөлмені жылытудың қай түрі тиімдірек? 1 бөлме 2 бөлме КҮТУ Сенің нәтижең 0% Қайта орындау