Бунақденелілер қалай дамиды?

•бунақденелілердің даму кезеңдерін білесің.

Бунақденелілер қалай дамиды?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 11

Жедел жауап

Бунақденелілер деген не?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 11

Олардың «бунақденелілер» деп аталуының себебі неде?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 11

Бунақденелілерді белгіле

Көбелек

Сызба бойынша көбелектің даму кезеңдерімен таныс. Сурет бойынша әр сатыдағы өзгерістерді сипатта.

Зертте

Суретті сызбаларды зерделе. Әр бунақденелінің дамуы қандай кезеңнен тұратынын анықта. Кезең санын жаз.

 

Кезең санын жаз.

4 / 11

Қаңқыз

Кезең санын жаз.

5 / 11

Шегіртке

Бунақденелілердің көбі өсімдік жапырағына жұмыртқа салады. Мысалы, көбелек жұмыртқасын «жауынан» қорғау үшін жапырақтың астыңғы бетіне жасырады.
Біраз күннен соң жұмыртқадан оның дернәсілі – жұлдызқұрт пайда болады.
Жұлдызқұрт өсімдік жапырағымен қоректенеді. Уақыт өте келе жұлдызқұрт қоректенуін тоқтатып, қауіпсіз орынға жасырынады. Ол өсімдікке жабысып, өзінің сыртынан жібек жіпшелермен орана бастайды. Жіпшелер бір-біріне жабысып, қабыршаққа айналады. Бұл – көбелек дамуының келесі сатысы. Оны қуыршақ деп атайды. Қабыршақтың ішінде жұлдызқұрттың көбелекке айналу кезеңі жүреді. Олар толық жетілгенде қабыршақ жарылып, көбелек сыртқа шығады. Осылай көбелек тіршілігінің жаңа сатысы басталады. Енді көбелек гүл шірнесімен қоректенеді, біраз күннен соң өзі де жұмыртқа сала алады.
Сонымен көбелектің дамуы жұмыртқа, дернәсіл (жұлдызқұрт), қуыршақ, ересек көбелек деген төрт саты арқылы жүреді. Ал шегіртке жұмыртқа, дернәсіл, ересек бунақденелі деген үш саты арқылы дамып жетіледі. Дернәсілі мен ересек шегірткенің түрі ұқсас болғанмен, мөлшерлері әртүрлі болады.

 

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 11

Масаның дамуы

Масаның даму сатыларының дұрыс ретін анықта.

1.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 11

2.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 11

3.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

9 / 11

4.

10 / 11

Ол қай сатыда қоректенбей, қозғалмай дамиды?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

11 / 11

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Неліктен көбелектің ұрпағы дамудың әр сатысында өзгеріп отырады?

Өз жауабыңды мәтіндегі ақпаратпен салыстыр.
Егер де көбелектің жұлдызқұрттары да ересек көбелек сияқты гүл шірнесін соратын болса, онда оларға қорек жетіспей, бір-бірімен бәсекеге түсіп қалар еді. Яғни бунақденелінің ұрпақтары дамудың әр сатысында өзгеріп отыратындықтан, әр сатыда әртүрлі қорекпен қоректенеді. Соның арқасында олар тіршілігін сақтап қалады.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Біздің теріден, жүннен жасалған киімімізге күйе көбелек зиян келтірмейді, тек ол сонда жұмыртқалайды. Ал киімді жұмыртқадан шыққан оның дернәсілдері жейді.