Ғарышта не бар?

• Галактиканың не екенін білесің.

Ғарышта не бар?

1 / 6

Құс жолы

Негеш пен Эврика түнгі аспанды бақылады. Олар не көрді деп ойлайсың?

2 / 6

Бұл жолақ қалай аталуы мүмкін?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 6

Біздің Галактикамыз

Суреттерге қара. Біздің Галактикамыздың сипатына келетін нұсқаларды таңда.

Ойлан

Неліктен ғарыш денелері негізінен шар тәрізді болады?
Мәтінді оқы.
Аспан денелерінің бәрінің дерлік пішіні шар тәрізді. (Ай, Күн, ғаламшарлар). Ғалымдар бұл әлемдік тартылыс күші – гравитация әсерінен деп ойлайды. Барлық денелер бір-біріне тартылады. Дене неғұрлым үлкен болған сайын ол шар
тәрізді бола бастайды.

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 6

Модель жаса

Біздің Галактикамыздың моделін жасағанда неге назар аудару қажет?

 

Ғарыш кеңістігі мен жұлдыздар ғаламды құрайды. Жұлдыздар бұл кеңістікте ретсіз орналаспайды. Олар бірігіп Галактиканы құрайды. Түнгі аспаннан көрінетін жұлдыздың бәрі біздің Галактикамызға жатады. Оны Құс жолы деп атайды. Жай көзбен қарағанда Құс жолы ақшыл жолақ болып көрінеді. Ал егер дүрбі не телескоп арқылы қарасақ, мыңдаған жұлдызды көрер едік. Біздің Галактикамыз шамамен 100 миллиард жұлдыздан, шаң-тозаң мен газдардан, магниттік өрістен, ғарыш денелері мен ғарыш сәулелерінен тұрады. Оның пішіні дискіге ұқсайды. Біздің Галактика басқа галактикалар сияқты ғарыш кеңістігінде айналып жүреді. Ол спираль тәрізді галактикаға жатады. Сырттай қарағанда ол айналып тұрған отшашуға ұқсайды.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 6

Мекенжай

Өзге ғаламшарлыққа өз мекенжайың туралы берген ақпаратты нақтыла.
Өзің тұратын материк қалай аталады?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 6

Жер ғаламшары қай жүйенің құрамына кіреді?

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Күн жүйесі де Галактиканы айнала қозғалады. Толық айналу үшін шамамен 225-250 миллион жыл қажет. Бұл уақыт ғарыш жылы деп аталады.

Есте сақта!

Біздің Галактикамыз Құс жолы деп аталады.