Қандай жануарлар жойылып бара жатыр?

• жойылу шегінде тұрған жануарлармен танысасың;
• жануарлардың жойылуының себептерін білесің.

Қандай жануарлар жойылып бара жатыр?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 3

Жануарлардан келген шағым хаттар

Кітапшадағы ақпаратпен таныс.
Жануарлардың жойылу себептерін анықта.

Қара дегелек

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 3

Қорегі азайды, бағалы терісі үшін көп ауланды

4 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 3

Модель жаса

Қорық ұйымдастыру үшін не қажет? Өз ойыңдағы қорықтың моделін жасау үшін қажет элементтерді таңдап ал.

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Жануарлардың жойылуына әкелетін басты себеп не деп ойлайсың?

Өз жауабыңды мәтіндегі ақпаратпен салыстыр.
Жануарлардың жойылуына әкелетін себеп тізіміне мыналар кіреді: табиғи апаттар, орман және дала өрті, орманды кесу, даланы егіс үшін жырту, қала мен жол салу, батпақты құрғату, жануарларды терісі, еті, мүйізі үшін аулау, т.с.с. Сонда жануарларды жойылуға әкелетін негізгі себеп көбіне адамның тіршілік, шаруашылық іс-әрекеті екен.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

Елімізде көптеген жануарлар тіршілік етеді. Олардың кейбір түрлерінің саны жылдан-жылға артып келеді. Жануарлардың тіршілік ортасы неғұрлым қолайлы болса, олардың көбеюі соғұрлым қарқынды жүреді. Дегенмен, кейбір жануарлардың саны кеміп, жойылып кету шегінде тұрғаны белгілі. Оларға Каспий албырты, Балқаш алабұғасы, жетісулық бақатіс, барыс, сілеусін, сұр келес, қызғылт бірқазан, кіші аққу, сары көкқұтан, дала бүркіті жатады. Жануарлардың жойылуы көп жағдайда адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Шөл және шөлейт жерлерді игеру, жерді жырту, батпақты құрғату, өзен арнасын бұру, орман ағаштарын кесу жануарлардың тіршілік ортасының тарылуына алып келеді. Соның салдарынан олар басқа жерге қоныс аударуға мәжбүр болады. Бұл олардың ұрпақ өсіріп, көбеюіне де кедергі жасайды. Тірі ағзалардың жойылуына табиғи катаклизмдер де себеп болады. Катаклизмге өрт, су тасқыны, сел, қар көшкіні сияқты табиғи апаттар жатады. Табиғи апаттар салдарынан тірі ағзалардың саны азайып, жойылу қаупі төніп тұр. Егер де тірі ағзалар саны азайса, табиғаттағы қоректік тізбектер де бұзылады. Кейбір ағзалар қорексіз қалады. Осылайша бір ағзаның жойылуы басқа ағзаларды жойылу шегіне жеткізуі мүмкін.

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Қызғылт қоқиқаз тек Қорғалжын қорығының Теңіз көлінде ғана ұя салып, жұмыртқа басады. Жұмыртқаны жарып шыққанда аппақ болатын қоқиқаздың түсі біртіндеп қызғылт түске айналады. Оған қорек ететін ұсақ шаяндардың қабыршағының түсі себеп болады.