Кенді пайдалы қазбалар деген не?

• кеннің не екенін түсінесің;
• кенді пайдалы қазбаларды қалай өндіретінін
білесің.

Кенді пайдалы қазбалар деген не?

1 / 9

Неден жасалған?

 

2 / 9

Заттарды жасау үшін қандай пайдалы қазба пайдаланылады?

Құрамында металл болатын тау жыныстары кен деп аталады. Олар мaгмaлық тaу жыныстaрынан пайда болады. Құрамынан бірнеше металл бөліп алуға болатын кенді полиметалл деп атайды.

Кен қалай өндіріледі?

3 / 9

Кенді қалай өндіреді? Фотосуреттердің мазмұнын сипаттайтын тұжырымдармен сәйкестендір.
А) Металл табиғатта таза түрде кездеспейді, ол тау жынысының құрамында болады
Жауабы:

4 / 9

В) Кенді көбіне ашық әдіспен карьерден қазып алады
Жауабы:

5 / 9

С) Металды кеннен бөліп алу үшін уатады, жуады, қыздырады, түрлі еріткішпен әсер етеді. Бұл кенді байыту деп аталады
Жауабы:

Зертте

«Металдардың қандай қасиеттері болады?» сұрағы бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижесін зерделе.

 

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 9

Осындай нәтиже алу үшін қандай зерттеу әрекеттері жүргізілді? Белгіле.

Металл қалай алынады?

Инфографиканы зерделе.

7 / 9

Кен металға айналғанға дейін қандай кезеңнен өтеді?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 9

Металл қай кезде сұйық болады?

Металл өнімдерді қалай алады?
Кенді көбіне ашық әдіспен карьерден қазып алады. Кейбір металл терең шахтадан алынады. Қазылып алынған кеннің құрамында металл кені ғана емес, бос тау жынысы да болады.
Металды кеннен бөліп алу үшін түрлі үдеріс жүреді. Оларды бөледі, уатады, жуады. Бұл кенді байыту деп аталады. Осылайша байытылған кеннен бір немесе бірнеше металл алынады. Бұл үдеріс кен-байыту комбинатында жүреді.
Кейбір металды алу үшін кенді арнайы домна пешінде балқытады. Балқытылған металды белгілі бір пішінге келтіру үшін қалыпқа құяды, суытады.

Ойлан

Нелiктен ғарыш зымыранын жасауға металдың барлық түрін пайдалана бермейді?

Мәтіннің мазмұнымен таныс.
Ғарышта ғарыш кемесіне өте көп күш әсер ететіндіктен оны жасайтын материалдар мықты болуы керек. Ғарыш кемелерінің тетіктерін түрлі металдың қосылысынан жасайды. Алюминий, темір, мыс, күміс, титан сияқты металдар жиі пайдаланылады.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

9 / 9

Пікірің мәтіннің мазмұнымен сәйкес келді ме?

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Домна пешінің биіктігі 10 қабатты үймен бірдей. Пештің ішіндегі температура 1500°С-тан жоғары болады. Қазақстандағы ең ірі домна пеші Теміртауда орналасқан.