Кері итеруші күш деген не?

• кері итеруші күштің не екенін және оның
қалай әсер ететінін білесің.

Кері итеруші күш деген не?

4 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 3

Анықта

Қандай денелер суға батады?

 

Барлық дене ауырлық күшінің әсерінен Жерге тартылатынын білеміз. Ауырлық күші су ішіндегі денеге де әсер етеді. Бірақ кейбір дене су бетінде қалқып жүрсе, екіншісі батып кетеді, ал үшінші біреуі сүңгуір қайық тәрізді терең су қабатында жүзіп жүре алады. Бұл неліктен екен?

2 / 3

Кім күшті?

Суретті сипатта. Кімге тасты көтеру оңайырақ?

Неліктен ауыр денелерді су ішінде көтерген жеңіл? Ал адам су бетінде неліктен қалқып жүзе алады? Оған не көмектеседі? Осындай сұрақтар сені ойландырған болар.
Кез келген суға түскен денеге судың тарапынан кері итеруші күш әсер етеді. Ол күшті Архимед күші деп атайды.

3 / 3

Зертте

Ермексаз шары байланған резеңке қай кезде аз созылады?

Ойлан

Жағалауда жатқан қиыршық тастың үстімен жүргенде табаның ауырады. Ал белуардан келетін судың ішінде сондай тастар табаныңды ауыртпайды. Неліктен?
Белуардан суға еніп жүрген балаға су тарапынан кері итеруші күш әсер етеді, соның әсерінен балаға су тарапынан кері итеруші күш болып оның су түбіне түсіретін ауырлық күші жеңілдегендей болады. Ал жағалауда қиыршық тас үстінде тұрған бала тасқа өзінің ауырлық күшімен әсер етеді. Ал егер жағалауда жүрген бала таяз су кешсе, оған су тарапынан әсер ететін Архимед күші елеусіз, аз болады.

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Кеме неге суға батып кетпейтінін білесің бе? Біріншіден, кемеге су тарапынан кері итеруші күш әсер етеді. Екіншіден, кеменің төменгі бөліктері ауамен толтырылады. Ауа суға қарағанда жеңіл болғандықтан, кеме су бетінде қалқып жүреді.

Есте сақта!

Сұйыққа батырылған кез келген денеге сұйық тарапынан кері итеруші күш әсер етеді.