Көлеңкені өзгертуге бола ма?

• көлеңкенің өлшемі неге байланысты болатынын түсінесің.

Көлеңкені өзгертуге бола ма?

1 / 8

Жедел жауап

Денеге жарық түскен кезде дененің келесі жағында пайда болатын күңгірт дақ

2 / 8

Көлеңкенің пайда болу себебі не?

Көлеңкесін тап

3 / 8

Көлеңке театрының қойылымын қара. Неліктен қоянның көлеңкесі қасқырдың көлеңкесінен үлкен?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 8

Театр әртістері көлеңке өлшемін қалай өзгертеді?

Зертте

Көлеңкенің өлшемі неге тәуелді?
Қажет заттар: үстел шамы, қатты қағаз, сызғыш немесе метрлік өлшеуіш таспа.

Зерттеу жоспарымен таныс.
1. Экраннан 50 см, 100 см, 150 см өлшеп еденге белгілеу.
3. Сұлбаны дәл экран алдына ұстау.
4. Оған 150 см жерден қолшам жарығын бағыттау.
5. Экранға түскен көлеңкенің биіктігін өлшеу.
6. Өлшеуді 100 см, 50 см қашықтықта қайталау.
7. Нәтижені тіркеу.
8. Қорытынды жасау.

Нәтижесі

5 / 8

Кестедегі зерттеу нәтижесі бойынша қандай қорытынды жасалды? Белгіле.

Жарық сәулесі денеге келіп түскенде дене оның жолына кедергі болады. Кедергі, яғни дене үлкен болса, оның көлеңкесі де үлкен болады. Ал кіші дене жарық сәулесінің жолына аз кедергі жасайды, сондықтан оның көлеңкесі кіші болады. Дегенмен біз кіші дененің көлеңкесін үлкейтіп, үлкен дененің көлеңкесін кішірейте аламыз. Көлеңкенің өлшеміне дене мен жарық көзінің арасындағы арақашықтық та әсер етеді. Олардың арақашықтығын ұзарта немесе қысқарта отырып, көлеңкенің өлшемін өзгерте аламыз. Қазір бұл тәсілді көлеңке театрында көп пайдаланады.

Көлеңке неліктен өзгерді?

6 / 8

Суреттегідей көлеңке тәуліктің қай бөлігінде көрінеді?

7 / 8

Ең қысқа көлеңке тәуліктің қай бөлігінде көрінеді?

Ойлан

От жалыны неліктен көлеңке түсірмейді?

Мәтіннің мазмұнымен таныс.
Сіріңке шиін жағып, 10–15 см қашықтықта қабырғаға тақатсаңыз, шидің көлеңкесі көрінеді. Бірақ оттың көлеңкесі түспейді. Себебі жарық басқа бір жарық арасынан еш кедергісіз өтеді. Сондықтан оттың көлеңкесі түспейді.
Өрт қауіпсіздігін сақтау үшін сіріңкемен, отпен ойнамау керек. Мұны есіңнен шығарма.

8 / 8

Пікірің мәтіннің мазмұнымен сәйкес келді ме?

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Ертеде уақытты күнсағатпен анықтаған. Күн сәулесі күнсағаттың ортасындағы тік орналасқан білікке келіп түскенде, оның көлеңкесі сағат бетіндегі санды көрсетеді.

Есте сақта!

Көлеңке – мөлдір емес затқа жарық сәулесі түскенде пайда болатын қараңғы дақ. Көлеңкенің үлкен не кіші болуы дененің өлшеміне және оның жарық көзімен арақашықтығына байланысты болады.