Неліктен әр жануардың қорегі әртүрлі болады?

• қоректенуіне қарай жануарлар қандай
топтарға бөлінетінін білесің.

Неліктен әр жануардың қорегі әртүрлі болады?

1 / 8

Теректің «тұрғындары»

Суретке қара. Теректің «тұрғындарын» атауын таңдау.

2 / 8

Бұл жануарлардың қорек түрі қандай?

5 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 8

Жануарлардың қорегі
Қорегі өсімдіктің тамыры, жапырағы, шырыны, қабығы, тұқымы, жемісі болатын жануарлар

4 / 8

Өсімдікті қорек ететін жануарлар тобын қалай атар едің?

5 / 8

Өзге жануарларды аулайтын жануарлар тобын қалай атар едің?

Жер бетіндегі жануарлардың бәрі бірдей қорекпен қоректенсе, не болатынын елесте те аласың ба? Онда барлық жануарға қорек жетер ме еді? Бұл жағдайда тірі ағзалар қорек тапшылығынан жойылып кетер еді. Табиғатта әрқашан белгілі бір тепе-теңдік сақталады. Жануарлардың әрқайсысы әртүрлі қоректенеді. Мысалы, даланы мекендейтін тышқан өсімдік дәнін, ал суыр шөпті қорек етеді. Өз кезегінде жылан тышқанды, ал сұңқар суырды жейді. Яғни жануарлар белгілі бір қорек түріне бейімделеді. Қоректену арқылы олар өз тіршілігін сақтап қалады.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 8

Зертте

Жануарлар жыртқыштыққа және өсімдікпен қоректенуге қалай бейімделген?
Өсімдікқоректі жылқының сипаттамасын оқы. Арасынан жылқыны сипаттауға жарамайтын тұжырымды таңда.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 8

Жыртқыш сілеусіннің сипаттамасын оқы. Арасынан оны сипаттауға жарамайтын тұжырымды таңда.

Жануарлар қоректену түріне байланысты өсімдікқоректілер мен жыртқыштарға бөлінеді. Өсімдікқоректілерге жеміс-жидек, гүл шірнесі, жапырақ, бұтақ, сабақ, тамыр, гүл сияқты өсімдік мүшелерімен қоректенетін жануарлар жатады. Ал жануарларды қорек ететін, яғни етпен қоректенетіндерді жыртқыштар дейді.
Жануарлардың қоректенуге бейімделуіне байланысты өз ерекшеліктері болады. Мысалы, жыртқыш аңдар қорегін жұлып, кеміріп жейтіндіктен, олардың өткір әрі үшкір тісі мен мықты тырнағы болады. Жылан қорегінің мөлшеріне қарай аузын үлкейтіп, тұтастай жұта алады. Тоқылдақ ағаш діңіндегі құрттармен қоректену үшін үшкір әрі берік тұмсығы мен ұзын жабысқақ тілін пайдаланады.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 8

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Өсімдікпен де, етпен де қоректене алатын жануарлар бола ма?

Өз жауабыңды мәтіндегі ақпаратпен салыстыр.
Өсімдікпен де, етпен де қоректене алатын жануарлар болады. Соның бірі – аю. Қоңыр аю көбіне жидекпен, жаңғақпен, өсімдіктің тамыры, сабағы, түйнегімен қоректенеді. Кейде жәндіктерді, кемірушілерді қорек етеді. Ал ақ аю теңіз жануарларын аулайды. Сондықтан аюды қорек талғамайтын жануар дейді. Осындай қорек талғамайтын жануарларға тышқан, мысық, маймыл да жатады.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Жыртқыштар мен өсімдікқоректілердің көру қабілеті бір-бірінен ерекшеленеді. Жыртқыштар қараңғыда жақсы көреді, өсімдікқоректілерде мұндай қабілет жоқ. Жыртқыштар түстерді ажырата алмайды, бірақ көзге көрінер-көрінбес қимылды байқап қояды. Ал өсімдікқоректілер түстерді жақсы ажыратады, соның арқасында жеуге жарамды қорегін тауып жейді.