Өсімдіктерді қалай қорғаймыз?

• өсімдікті не үшін қорғау қажет екенін түсінесің;
• өсімдікті қорғау жолдарын ұсынасың.

Өсімдіктерді қалай қорғаймыз?

Постерді толықтыр

Негеш пен Эврика «Бізге өсімдіктер не үшін қажет?» тақырыбына постер құрастырды. Постерлермен таныс.

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 3

Ойлан

«Бір тал кессең, он тал ек» мақалына мағынасы жағынан жуық тұжырымдарды белгіле.

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 3

Өсімдікті қорғау шаралары

Эколог ғалым ұсынған өсімдікті қорғау шаралармен таныс. Негеш пен Эврикаға іс-шара толықтыруға көмектес.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 3

Жоба жаса

«Өсімдікті қорғаудың ең тиімді жолы» жобасы. Өсімдікті қорғаудың ең тиімді жолын анықтау үшін қорғау әдісінің қандай белгісіне назар аудару қажет? Таңда.

Жер бетіндегі тіршілік үшін өсімдіктің маңызын барлық адам түсінеді. Өсімдіктерді қорғаудың бір жолы – Қызыл кітапқа тіркеу екенін білесің. Еліміздің Қызыл кітабына өсімдіктің 387 түрі тіркелген. Солардың ішінде жабайы Регель және Шренк қызғалдақтары біздің елімізде ғана өседі. Оларды қазір ботаникалық бақтарда арнайы өсіреді.

Көктем мен күзде қалалар мен ауылдарда көгалдандыру шаралары ұйымдастырылады. Көшелерді көгалдандыру арқылы ауаны тазартып, ондағы ылғал мөлшерін сақтауға болады. Мысалы, Астана көшелеріне көктемде ағаш пен бұта, гүлзарларға саналуан гүлдер отырғызылады. Өсімдіктерді қорғау үшін ақпараттандыру шаралары да қолданылады.
Өсімдіктерді қорғау – Жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалудың бірден-бір жолы.
Мәтінде аталған өсімдіктерді қорғау шараларын жаз.

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Қазіргі кезде орман көлемі 100-200 жыл бұрынғыдан екі есе кеміген. Бұл атмосфераға бөлінетін оттектің мөлшеріне әсер етеді.