Су қалай ластанады?

• судың ластану жолдарын анықтайсың;
• суды қорғау шараларымен танысасың;
• судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін білесің.

Су қалай ластанады?

1 / 9

Су көздері

Ашық су көзіндегі суды таза деуге бола ма?

2 / 9

Судың қандай қасиеті оның ластануына әсер етеді?

Суды «кім» ластайды?

 

3 / 9

Фотосуреттерді қара. Судың ластануына адамның қандай әрекеті себеп болды? Суреттердің нөмірін жаз.
Суға қоқыс тастау

4 / 9

Су жағасына көлікті жуу

5 / 9

Мұнайдың төгілуі

6 / 9

Суқоймасына өндірістік қалдықтың құйылуы

Зардабын «кім» шегеді?

4 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 9

Фотосуреттерді қара. Ластанған судың тірі ағзаға келтіретін зияны сипатталған мәтінмен таныс.
Суда тіршілік ететін балықтар мен құстардың жойылып кетуі мүмкін. Ластанған сумен суарылған өсімдіктің бойына зиянды заттар сіңіп, оны тұтынған адамдар зардап шегуі мүмкін. Су арқылы көптеген жұқпалы аурулар тарайды.

Мәтінде сипатталған сурет нөмірлерін белгіле.

Су көздері табиғи құбылыстар мен адам әрекетінен ластанады. Дауыл мен құйын құм, топырақ, шаңды бұрқыратып, су көзін лайласа, жаңбыр суы ауаға ұшқан түрлі зиянды заттарды суға араластырады. Адамдар өндіріс орындарынан шығатын қалдықты, мұнай өнімдерінің қалдығын, тұрмыстық қоқыс пен сарқынды суды ағызу, тыңайтқышты артық қолдану, қауіпті жүк тасымалдау арқылы су көзінің ластануына себепші болады. Ластанған суды пайдалану адам өмірі мен барлық тірі ағзаның тіршілігі үшін қауіпті. Сумен көптеген ауру таралады. Олар ауызсуды пайдалану арқылы ғана емес, лас суда шомылудан да жұғады.

Зертте

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 9

Суқоймасын қалай таза сақтауға болады?
Суқоймасын таза сақтау шаралары қай суретте бейнеленген?

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

9 / 9

Сурет бойынша жүргізілген зерттеудің қорытындысын белгіле.

Ойлан

Су «гүлдене» ме?

Мәтінді оқы.
Су бетінің суреттегідей «гүлденуі» балдырдың көбейіп кетуінен пайда болады. Фито-планктонның су бетін басып кетуі судың түсінің өзгеруіне алып келеді. Фитопланктон – микроскоппен көрінетін жасыл өсімдіктер, оған балдырлар жатады. Сонымен қоса мұндай суқоймаларда бактериялар да көбейеді. Соның салдарынан оттек азайып, балықтар мен басқа да тірі ағзалар жойылады. Судың бұлай ластануының тағы бір себебі – суға органикалық заттардың, тыңайтқыштардың, синтетикалық кір жуғыш ұнтақтардың түсуі.

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Су гиацинті (эйхорния) суқоймаларды зиянды заттардан тазартады. Ол су құрамындағы улы заттармен, ауыр металдармен қоректенеді.

Есте сақта!

Әр азамат суды қорғауға, үнемдеуге өз үлесін қосуы тиіс.