Судың еріткіштік қасиеті

• судың еріткіштік қасиетімен танысасың;
• ерітінділердің қолданылуы туралы білесің.

Судың еріткіштік қасиеті

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 9

Заттар суда ери ме?

Суреттерде бейнеленген заттардың қайсысы суда ерімейді? Белгіле.

Судың ерекше қасиеті – заттарды еріте алуы. Заттардың көбі суда еріп, ерітінді түзеді. Еру дегеніміз – бір заттың бөлшектерінің екінші заттың бөлшектерімен біркелкі араласуы.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 9

Газ суда ери ме?

Газдалған суды алып, шайқап көр. Газ суда ери ме?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 9

Газдың суда ерігені қалай байқалады?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 9

Ерітінділер

Медицинада ерітінділерді қолданады. Оның қандай пайдасы бар?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 9

Су – еріткіш

Түрлі заттардың суда еруін қалай тездетуге болады?

Зертте

Заттар суда қалай ериді?

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 9

Зерттеу нәтижесін белгіле.
Суда ериді

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 9

Жақсы ериді

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 9

Нашар ериді

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

9 / 9

Ерімейді

Заттардың барлығы бірдей суда жақсы ери бермейді. Заттарды суда ерігіштігі бойынша үш топқа бөлуге болады: жақсы еритіндер, нашар еритіндер, ерімейтіндер. Заттардың ерігіштігі температура мен заттың табиғатына байланысты. Қатты заттардың көбі температураны арттырғанда оңай ериді. Табиғаттағы судың құрамында еріген минералды заттар болады. Судағы еріген зат мөлшері оның кездесетін жеріне байланысты. Жерге сіңген су тау жынысындағы түрлі минерал заттарды ерітіп, өз қасиетін өзгертеді. Судың дәмі мен иісі пайда болады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суды минералды су деп атайды. Минералды су салқын, жылы және ыстық күйде кездеседі. Оның құрамында еріген тұз бен газ болады. Минералды су адам ағзасындағы түрлі ауруды емдеу үшін қолданылады.

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Күмістің емдік қасиеті ертеден-ақ белгілі болған. Ата-бабаларымыз күміс ыдыспен тамақтанып, суды күміс ыдыста сақтаған. Суда күміс өте аз мөлшерде еріп, суды тазартады. Күмістелген су тістің қызыл иегін зақымданудан сақтайды, бактерияларды, улы заттарды жояды және асқазан-ішек жолдарын тазартады.