Тұқым қалай түзіледі?

• тозаңдану үдерісімен танысасың;
• тозаңданудың өсімдік үшін маңызын түсінесің.

Тұқым қалай түзіледі?

1 / 5

Тозаңқап

Сызбаға қара.

Сызбада гүлдің қандай бөлігі ерекше көрсетілген?

2 / 5

Тозаңқаптың ішінде не болады?

3 / 5

Тозаң не үшін қажет деп ойлайсың?

4 / 5

Тозаңдану үдерісі

 

Негеш гүлдің тозаңдану үдерісін сипаттады. Ол сипаттауында 2 жерден қателесті. Қай жұмыс Негештікі? Белгіле.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 5

Зертте

Өсімдіктердің тозаңдануының қандай жолын бейнеленген?

Өсімдік тіршілігіндегі маңызды үдерістің бірі – тозаңдану. Гүлдің тозаңы тозаңқаптың ішінде жетіледі. Ол жетілген кезде тозаңқап ашылады да, тозаң сыртқа шашылады. Шашылған тозаң гүлдің ортасында орналасқан жатынға түседі. Тозаңның жатынға түсуін өсімдіктің тозаңдануы дейді. Тозаңдану жүргеннен кейін өсімдік гүлінің орнында жеміс дамиды және тұқым түзіледі. Өсімдіктің тозаңдануына түрлі бунақденелілер, тіпті жел мен су да қатысады. Кейде қоршаған ортаның қолайсыз әсері өсімдіктің тозаңдануына кедергі келтіреді.

Қызықты ақпарат

Өсімдіктерді тозаңдандыруға жарғанат, колибри, аустралиялық кускус тәрізді жануарлар да қатысады.

 

Ойлан

Су өсімдіктері тозаңдана ма?

Жеуге жарайтын балдырлар минералды заттарға, әсіресе, йодқа бай. Қоңыр балдырды (ламинария) «теңіз орамжапырағы» деп, ал жасыл балдырды (ульва) «теңіз салаты» деп атайды. Оларды тағамға пайдаланады.

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Гүлдердің кейбірі белгілі бір бунақденелі арқылы ғана тозаңданады. Мысалы, бедені түкті ара мен балара ғана тозаңдандырады.

Есте сақта!

Тозаңдану дегеніміз – тозаңның жатынға түсуі.