Зәр шығару жүйесі қалай жұмыс істейді?

• адам ағзасындағы зәр шығару жүйесімен
танысасың;
• зәр шығару жүйесінің ағза үшін маңызын
білесің.

Зәр шығару жүйесі қалай жұмыс істейді?

Адам ағзасындағы мүшелер

Пиктограммада бейнеленген адам ағзасының мүшелері қай жүйеге тиісті? Белгіле.

 

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 7

Асқазан, бауыр

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 7

Жүрек

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 7

Омыртқа

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 7

Бейнеленген мүшелердің қайсысы қуықпен бір жүйені құрауы мүмкін?

Адам ағзасында тамақ қорытылып, артық су, зиянды заттар үнемі сыртқа шығарылып отырады. Бұл жұмысты зәр шығару жүйесі реттейді. Зәр шығару мүшелеріне бүйрек, несепағар, қуық жатады. Бүйрек – үрмебұршаққа ұқсас жұп мүше. Оның негізгі қызметі – қанды зиянды заттардан тазартып, зәр түзу. Бүйректің сыртқы жағы дөңес, ішкі жағы ойыс болып келеді. Ойыс жағында несепағар орналасады. Несепағар – түтікше тәрізді мүше. Бүйректе түзілген зәр осы несепағар арқылы қуыққа өтеді. Қуық – іші қуыс, бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады, кейін несеп өзегі арқылы сыртқа шығады. Зәрдің ағзадан дер кезінде шығарылмауы адам денсаулығына зиян келтіреді. Ағзаны керексіз заттардан, артық су мен тұздардан тазартуға өкпе, тері және асқорыту жүйесі де қатысады. Өкпе арқылы көмірқышқыл газ бен бу түріндегі су бөлінеді. Тері арқылы су мен тұздар термен бірге шығады. Ал тамақтың қалдығы тікішек арқылы шығарылады.

Зертте

Зәр шығару жүйесі мүшелерінің қызметін анықта.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 7

Бүйректің қызметі

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 7

Несепағардың қызметі

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 7

Қуықтың қызметі

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Ағзадағы керексіз заттарды шығаруға тағы қандай мүшелер қатысады?

Өз жауабыңды мәтіндегі ақпаратпен салыстыр.
Адам ағзасындағы керексіз заттар зәр арқылы шығарылады. Спортпен айналысқанда, ауыр жұмыс істегенде, ыстықтағанда адам терлейді. Сөйтіп ағзадағы су мен артық тұздар тері арқылы шығарылады. Ал тыныс алған кезде өкпе арқылы көмірқышқыл газы шығарылады.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Бүйрек арқылы тәулігіне шамамен 1500 л қан сүзіліп, тазарады.

Есте сақта!

Зәр шығару жүйесінің негізгі қызметі – қанды тазартып, оның құрамындағы зиянды заттарды сыртқа шығару.