Заттар қандай болады?

• заттардың қандай түрі болатынын білесің;
• түрлі үдеріс кезінде заттардың қасиеті өзгеретінін түсінесің.

Заттар қандай болады?

1 / 8

Құрамын анықта

Екі ыдыстағы суды салыстыр.
Қай стақандағы судың құрамы таза?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 8

Неліктен? Ойыңды түсіндір

Табиғаттағы заттар таза және қоспа деп бөлінеді. Айналамыздағы заттардың барлығы дерлік қоспа түрінде кездеседі. Қоспа – әртүрлі бөлшектерден құралған зат. Мысалы, ауа – газдардың қоспасы. Күнделікті тұрмыста пайдаланатын бұйымдар, тағам, киім-кешектің де құрамында әртүрлі заттар болады. Таза зат табиғатта өте сирек кездеседі. Ол бір ғана заттан тұрады. Біз таза деп ойлайтын ауызсудың өзі шын мәнінде таза зат емес, оның құрамында түрлі тұздар болады. Ал таза су алу үшін оны арнайы құрылғыда тазартады. Оны тазартылған (дистилденген) су деп атайды.

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 8

Зертте

Қоспаның құрамындағы заттарды бөліп алуға бола ма?
Қажет заттар: ағаш жаңқасы, лимон қышқылы, ұсақ темір заттар, су.
Бірінші қоспа: ұсақ темір мен ағаш жаңқасы

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 8

Екінші қоспа: су мен лимон қышқылы

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 8

Үдерістер

Суреттердің көмегімен сұрақтарға жауап бер.
Темірден балғаны қалай жасайды деп ойлайсың?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 8

Көжені қалай жасайды?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 8

Балмұздақ қандай өзгеріске түсті? Неліктен?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

8 / 8

Қамырды қалай жасайды?

Кез келген затқа әсер ету, яғни оны балқыту, қайнату, еріту, араластыру арқылы заттың құрамын, күйін өзгертуге болады. Заттың осындай өзгеріске түсуі оның қасиетіне жатады.
Температура әсерінен заттың қатты күйден сұйық күйге айналу үдерісі балқу деп аталады. Сұйық заттардың жоғары температурада буға айналуы қайнау деп аталады.

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Қымыз таза зат па әлде қоспа ма?

Өз жауабыңды мәтіндегі ақпаратпен салыстыр.
Ғалымдар табиғатта таза зат сирек кездеседі дейді.
«Қымыз неліктен денсаулыққа пайдалы?» – деген сұрақ төңірегінде ойлан. Иә, оның құрамында түрлі дәрумендер бар. Шындығында, оның құрамында жылқы сүті, майлар, нәруыздар, қант, дәрумендер, минералды заттар болады. Сондықтан қымыз қоспа затқа жатады.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

 

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Қазақ халқы қара сабынды қолдан жасаған. Ол үшін алабота шөбін өртеп, оның күліне жануар майын қосып қайнатқан.

Есте сақта!

Таза зат бір ғана заттан тұрады. Қоспа – әртүрлі заттардың жиынтығы.