Жануарлар энергияны қайдан алады?

• қоректік тізбек туралы білесің;
• қоректік тізбектің құрылымымен танысасың;
• энергияның қоректік тізбек арқылы таралуын түсінесің.

Жануарлар энергияны қайдан алады?

1 / 10

Табиғаттағы энергияның таралуы

Күннің энергиясы өсімдік арқылы қалай таралады? Инфографиканы зерделе.

Өсімдік энергияны қайдан алады?

2 / 10

Өсімдікқоректі жануар энергияны қайдан алады?

3 / 10

Жыртқыш жануар энергияны қайдан алады?

4 / 10

Энергия мен қоректік заттарды адам қалай алады?

5 / 10

Ағзалар арасындағы байланыс

Суреттегі жануарлар мен өсімдіктің арасындағы байланысты зерделеп, сызба құрастыр.

Кез келген тірі ағзаның тіршілік етуі үшін энергия қажет. Жануарлардың кейбірі өсімдікті, кейбірі басқа жануарды қорек ету арқылы энергия алады. Бұл үдеріс қалай жүреді?
Өсімдіктер күн энергиясын пайдаланып, фотосинтез арқылы қоректік зат өндіреді. Осы өсімдіктерді өсімдікқоректілер жейді. Ал бұл өсімдікқоректілермен жыртқыштар қоректенеді. Сонда мынадай қоректік тізбек пайда болады: өсімдік – өсімдікқоректілер – жыртқыштар. Қоректік тізбек қысқа болуы мүмкін, мысалы: шөп – қоян – қасқыр. Ол ұзын болуы да мүмкін, мысалы: қарағай – қаракүйе – қанқыз – өрмекші – көкек – қаршыға.

6 / 10

Зертте

Бүркіт энергияны қайдан алады?
Суретті қолданып, бүркіттің күн энергиясын алу сызбасын толықтыр.

Шөп – жұлдызқұрт – торғай – ... – бүркіт

7 / 10

Тізбек құр

Қоректік тізбектермен таныс. Оларды тиісті жануардың атауын жазып аяқта.

1 тізбек: тары – тышқан ...

8 / 10

2 тізбек: шөп – елік ...

9 / 10

Жабайы аң мен үй жануарының қоректік тізбегі ұқсас болады. Тұжырыммен келісесің бе?

10 / 10

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Жер бетіндегі қоректік заттар неліктен таусылмайды?

Өз жауабыңды мәтіндегі ақпаратпен салыстыр.
Күннің әсерінен өсімдік өз бойында қоректік зат түзеді. Сонымен бірге өсімдік топырақтан минералды тұзды, суды сіңіреді. Топырақта жануарлар мен өсімдіктің қалдықтары ыдырап, шіріп, қарашірікке айналады. Олар сумен бірге өсімдікке қайта келеді. Міне, осылай табиғатта зат айналып отырады.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Кез келген қоректік тізбекте энергия бір ағзадан екінші ағзаға өткен сайын кеміп отырады. Себебі энергияны олар тіршілік әрекеттеріне жұмсайды. Сондықтан қоректік тізбектің бірінші буыны – өсімдіктер саны басқа ағзаларға қарағанда әлдеқайда көп болуы тиіс.