Желдің пайдасы мен зияны

• желдің қандай пайдасы мен зияны бар екенін
білесің.

Желдің пайдасы мен зияны

Жел пайдалы ма, зиянды ма?

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 5

Суреттерді қара.
Желдің пайдасын бейнелейтін суреттердің нөмірін белгіле.

3 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 5

Желдің зиянын көрсететін суреттердің нөмірін белгіле.

Желдің пайдасын адамдар ерте заманнан білген. Желдің жылдамдығын пайдаланып, желкенді кемемен саяхатқа шыққан. Жел диірменінде дақылдарды ұнтақтап, ұн жасаған. Желдің табиғатта да маңызы зор. Желдің көмегімен өсімдік тұқымы таралып, көбейеді. Жел бұлтты айдап, жаңбыр жауғызады. Ауаны тазартады.
Қазіргі уақытта желді қуат көзі ретінде пайдаланып отыр. Оның күшінен электр энергиясын өндіреді. Мұндай энергияның экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Ол қоршаған ортаны, ауаны ластанудан сақтауға және табиғат ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Желдің зиянды әрекеті де бар. Желдің күші электр желілерін үзіп, ағаштар мен ғимараттарды құлатып, адам өміріне қауіп төндіреді. Теңіздер мен мұхиттарда алып толқын туғызып, кемелерге, жағаға жақын елді мекендерге зиянын тигізеді, дала мен орман өртін өршітеді.

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 5

Жел туралы нені білу керек?

Жел туралы білу не үшін қажет? Дұрыс тұжырымдарды таңда.

Желбағар (флюгер) үлгісін жасау.
Қажет заттар: пластик стақан, пластик түтік, түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, кеңсе шегесі.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 5

Балалар модельді жасап болған соң, желдеткішті қосып, желбағарға бағыттады. Не үшін?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 5

Модель жасап жатқанда пластик стақан бойына О, С, Б, Ш деген әріптерді жазу керек. Не үшін?

Жер бетінде суық ауа мен жылы ауа үнемі ауысып отыратындықтан, желдің жылдамдығы мен бағыты өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны сол бағыттың атымен айтады. Мысалы, жел солтүстіктен соқса, оны солтүстік (С) желі деп атайды. Желдің бағыты мен күшін анықтай білу парашют, тау шаңғысы, желкенді қайықпен жүзу, планермен ұшу сияқты белсенді демалыс және спорт түрлері үшін маңызды. Желдің бағытын желбағардың көмегімен анықтайды. Желбағар тік білік пен оған бекітілген көлденең бағыттаушыдан құралады. Бағыттаушы еркін қозғалып тұрады. Бағыттаушының бір жағы екіншісінен ауырлау болады. Жеңіл бөлігіне орнатылған бағыттама әрдайым желдің соғу бағытын көрсетеді. Ал ауыр жағы желдің көкжиектің қай тұсынан соғып тұрғанын білдіреді.

Ойлан

Сұраққа жауап бер.
Жыртқыш жануарлар неге желге қарсы жүреді?

Өз жауабыңды мәтіндегі ақпаратпен салыстыр.
«Маугли» мультфильмін көрдің бе? Сонда жыртқыштардың желге тұмсығын бағыттап, иіскеп тұрған сәттері бар.
Ауаның иісі болмайтынын, бірақ ол түрлі иісті тарататынын білесің. Жыртқыш аң желге қарсы жүру арқылы иіс алады, яғни жел жеткізген иіс арқылы маңайдағы жан-жануарды бағдарлайды. Сөйтіп жемтігін аулауға әзірленеді.

Пікірің мәтіндегі оймен сәйкес келді ме?

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Жер шарында тұрақты, яғни үнемі бір бағытта соғып тұратын желдер бар. Біздің елімізде тұрақты соғатын 23 жел анықталған. Олардың ішінде ең күштілері – Арыстанды-Қарабас, Мұғалжар, Ебі, Сайқан, Шілік, Атырау желдері.