Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды?

• адамның жүйке жүйесі мүшелерімен танысасың;
• жүйке жүйесінің қалай жұмыс істейтінін білесің.

Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 13

Байқаусызда

Анимацияны қара. Сұрақтарға жауап бер.

Қолын неліктен тартып алды?

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 13

Қолың ыстық затқа тиіп кетсе өзің не істейсің?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 13

Қолың ыстық затқа тигенде дереу тартып алуыңды не басқарады деп ойлайсың?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 13

«Не» белгі берді?

Сызба суреттердің қайсысына сәйкес келеді? Таңда.

Жүйке жүйесі

Мәтінді оқы. Жүйке жүйесінің құрылысымен таныс.
Жүйке жүйесін ми, жұлын және жүйкелер құрайды. Ми бас сүйегінде, жұлын омыртқаның өзегінде орналасады. Ал жүйкелер бүкіл денені торлап жатады. Олар барлық дене мүшелерін жұлынмен және мимен байланыстырады. Адамның жүйке жүйесі ағзаның барлық мүшелерінің қызметін реттейді және олардың бір-бірімен үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Жүректің соғуы, аяқ-қол сүйектерінің қозғалысқа келуі, астың қорытылуы, тыныс алу сияқты әрекеттердің барлығы жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Адамның сыртқы орта әсерлеріне жауап қайтаруын да жүйке жүйесі қамтамасыз етеді. Мысалы, ыстық заттан қолды тартып алу, қауіпті сезіп, қорғану әрекеттерін жүйке жүйесі орындайды. Бұл қалай жүреді? Айталық, ыстық затқа қол тигізгенде, саусақ ұшындағы жүйкелер жұлынға, жұлын миға хабар береді. Ми келген ақпаратты өңдеп, қайтадан жұлынға, жұлын жүйкелерге жауап береді. Жүйкелер ақпаратты мүшелерге таратып, соған сәйкес әрекет жасалады.

 

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 13

Тапсырмаларды орында.

1. Жүйке жүйесі мүшелерінің орналасуын анықта.

Ми

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 13

Жұлын

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 13

Жүйкелер

8 / 13

2. Жүйке жүйесі мүшелерінің қызметін анықта.

Адамның ...(жүйке, асқорыту, қанайналым, тыныс алу) жүйесі ағзаның барлық мүшесінің қызметін реттейді.

9 / 13

... (Ми, жұлын, жүйкелер) келіп түскен ақпаратты өңдейді.

10 / 13

... (Ми, жұлын, жүйкелер) ақпаратты жүйкелерге таратады.

11 / 13

... (Ми, жұлын, жүйкелер) ақпаратты өзге мүшелерге таратады.

12 / 13

...(Ми, жұлын, жүйкелер) барлық дене мүшесін мимен байланыстырады.

13 / 13

Ойлан

Жануарларда жүйке жүйесі бола ма?

 

 

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Есте сақта!

Жүйке жүйесі адам ағзасының үй¬лесімді жұмыс істеуін басқарады.