Жылуөткізгіштік деген не?

• қандай денелер жылуды жақсы өткізетінін білесің.

Жылуөткізгіштік деген не?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

1 / 7

Температураны анықта

Монетаны 3 минут уақыт алақаныңда қысып ұста. Монетаның температурасы қандай болды деп ойлайсың?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

2 / 7

«Неліктен?» деген сұраққа жауап болатын тұжырымды белгіле.

2 жауапқа дейін таңдауға болады.

3 / 7

Дене температурасы

Бөлмедегі денелердің қайсысының температурасы
басқа денелерден өзгеше?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

4 / 7

Олардың температурасы бөлме температурасымен теңесе ме?

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

5 / 7

Теңесу үшін не істеу керек?

Салқын жерде тұрған ыстық сусын қоршаған ортаға жылу бөліп шығарады. Сәлден кейін ол салқындайды. Бірақ оның температурасы бөлме температурасынан төмен болмайды. Себебі бөлмедегі денелердің температурасы бірдей болады.

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

6 / 7

Зертте

Қатты денелер жылуды қалай өткізеді?
Ресурстар: темір, пластик, ағаш қасық, стақан, ермексаз, секундомер.

Зерттеу жоспарымен таныс.
1. Әр қасықтың сабына ермексазбен қағаз қыстырғышты бекіту.
2. Қасықтарды стақанға салу.
3. Стақанға ыстық су құю.
4.Секундомер қосу, қағаз қыстырғыштардың түсуін
бақылау.
5. Нәтижені тіркеу.
6. Қорытынды жасау.

Нәтижесі

Зерттеу нәтижесі бойынша қорытындыны белгіле.

 

Неге әртүрлі?

Бір қолыңмен партаның ағаш бетін, екінші қолыңмен темір бөлігін ұстап көр. Нені сездің? Егер бөлмедегі денелердің температурасы бірдей болса, темір мен ағаштың температурасы неліктен әртүрлі болып сезіледі?

Жылу әрдайым ыстық денеден суық денеге беріледі. Бұл құбылысты жылуөткізгіштік деп атайды. Денелердің жылуөткізгіштігі әртүрлі болады. Қатты дене жылуды жақсы өткізеді. Ал газ жылуды нашар өткізеді.
Қатты денелердің ішінде металдар жылуды жақсы өткізеді.
Жылуды өткізу қабілетіне байланысты денелер мен заттарды жылуөткізгіштер және жылуоқшаулағыштар деп екі топқа бөледі.

Ойлан

Жылы аймақта өмір сүретін адам мен суық жақта өмір сүретін адам неліктен бірдей қалың киініп алған?

Мәтіннің мазмұнымен таныс.
Қыстыгүні аң терісінен, жүннен, құс мамығынан жасалған киім киюдің пайдасын ауаның жылуды нашар өткізетін қасиетіне сүйеніп түсіндіре аламыз. Сондай-ақ күн ыстықта қалың киінудің себебін де осымен байланыстыруға болады. Жылуды нашар өткізетіндіктен мұндай киім қатты ыстықтан сақтайды. Яғни мақталы шапан жылуды нашар өткізеді. Адамның дене температурасы 36,6 градус, ал ауа температурасы одан да жоғары болған жағдайда, осындай киім жылудың алмасуына кедергі келтіреді.

 

1 жауапқа дейін таңдауға болады.

7 / 7

Пікірің мәтіннің мазмұнымен сәйкес келді ме?

КҮТУ

Сенің нәтижең

0%

Сен білесің бе?

Ауасыз бос кеңістікті вакуум деп атайды.
Вакуум – жылуды ең нашар өткізетін орта.

Есте сақта!

Бір денеден екінші денеге жылудың тікелей берілуі жылуөткізгіштік деп аталады. Жылуды нашар өткізетін денені жылуоқшаулағыш дейді. Металдан жасалған бұйым жылуды жақсы өткізеді.